Жаңалықтар

Көкшетауда жол апатынан жасөспірім қаза тапты

Фото: Ақмола облысының ПД

Ақмола облысында ірі жол апаты болып, бір жасөспірім көз жұмды. Оқиға «Астана – Петропавл» тас жолының 289-шы шақырымында тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz.

Полицияның мәліметінше, Hyundai Santa Fe көлігінің 16 жастағы жолаушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Сонымен қатар, көлікте болған 65 жастағы әйел түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Апатқа КАМАЗ жүк көлігі мен жеңіл автокөліктің соқтығысуы себеп болған. Қазір оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.

Back to top button