Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты резонанс тудырған іс бойынша үкім шықты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Тengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сот оны алаяқтық бабы бойынша ақтап, ал лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу баптары бойынша кінәлі деп таныды.
Нәтижесінде экс-әкім 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ сот Қарасаевты «Парасат» пен «Құрмет» ордендерінен айыру туралы Президентке ұсыныс енгізу жөнінде қаулы қабылдады.
Бағдат Қарасаев былтыр күзде қоқыс полигонына қатысты заңсыздықтар бойынша ұсталған. Тергеу дерегінше, ол ҚТҚ полигонын аффилирленген компанияға сенімді басқаруға беріп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған.



