Жаңалықтар
«Көлігі жоқ адам 10 жылдап салық төлеп келеді»
Қоғам белсендісі Бақытжан Көпбаев салық кодексін жасақтаған авторлардан көлік салығы неге алынып тасталмағанын сұрап, наразылығын білдірді,-деп хабарлайды Qandastar.kz
«Мысалы кедей адам көлігін жөндеймін дейді де, ақыры көлігі жоқ боп кетеді. Шашылып кетеді. Тізімнен шығарайын десе, машинаны қайта жинау керек. Сөйтіп, 10 жылдап жоқ көлікке салық төлеп келе жатыр», – деді Көпбаев.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов көлік салығына қатысты өзгеріс болатынын, соның арқасында ескі көлік иелеріне жеңілдік көзделгенін айтты.
«Көлік салығы бойынша салық мөлшерлемелер қайта қаралатын болады. Өзіңіз айтқандай 10 жылдан асқан көлік болса, оған 30 пайыздық шегерім болады. Егер автокөліктің пайдалану мерзімі 20 жылдан асса, 50 пайызы шегеріледі. Ескі көлік иелеріне сондай жеңілдік көзделген. Егер бұл автокөлік тіркеуде болмаса немесе жоғалып кетті деген анықтама болса, онда салық базасынан алып тастаймыз», – деді вице-министр.