Жаңалықтар

Көлігін билетке айырбастаған «Қайрат» жанкүйері өкініп қалды

Фото: скрин

Көлігін билетке айырбастаған «Қайрат» жанкүйері өкінішін жасырмады, деп жазды qandastar.kz

Алматының «Қайрат» футбол клубының жанкүйері командасын қолдау жолында ерекше қадамға барып, жеке көлігін матч билеті үшін айырбастаған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Жанкүйердің айтуынша, бастапқыда кассадан билет сатып алуға үлгермеген. Кейіннен қара нарықтан іздеп, таңдай қақтырған бағаға тап болған.

«Билет таба алмадым. Кейін біреулер 1 миллион теңге сұрады. Менде ондай ақша болмаған соң, BMW көлігімді беріп, орнына билет алдым. Қазір қатты өкінем. Ішім ашып тұр», – дейді ол.

Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Көпшілік жанкүйердің әрекетін түсінбестікпен қабылдап, түрлі пікір жазды:

«Қате ғой», «Топас!», «Обалың жоқ», «Футболды шын түсінбейтіндер осындай қадамға барады» – деп, кейбірі сынаса, енді бірі оның шынайы жанкүйерлігін мойындады.

Back to top button