Қаржы және төлемдер
Колледж есепшісі студенттердің шәкіртақысын жымқырған
Фото: ашық дереккөз
Маңғыстау облыстық прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжіндегі қаржы жымқыру фактісіне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды qandastar.kz
Облыстық қадағалау органының қызметкерлері Маңғыстау техникалық колледжінің қызметіне тексеру жүргізген.
«Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтер 243 млн теңге көлемінде іссапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды», – делінген ресми ақпаратта.
Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.