Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Колонияда «қамқорлық» үшін ақша талап еткендерге жаңа жаза кесілді

Шығыс Қазақстан облысында түзеу мекемесінде болған бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталып, айыпталушыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бас прокуратураның қадағалау жұмыстары барысында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №22 мекемесінде сотталғандардың бірінен ақша бопсалау фактісі анықталған. Осыдан кейін істі арнайы прокурорлар өз өндірісіне алып, жан-жақты тергеген.

Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың шілде-қараша айлары аралығында қылмыстық ортаға бейім сотталғандардың екеуі жаңадан келген азаматтан күш қолданамыз деп қорқытып, оған «қамқорлық көрсетеміз» деген желеумен ақша талап еткен.

Арнайы прокурорлар күдіктілердің кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинап, қылмыстық істі сотқа жолдаған.

2026 жылғы 29 шілдеде Глубокое аудандық соты айыпталушыларды Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Сот олардың бұрынғы жаза мерзімдерін ұзартып, бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button