Көлсайда шомылғаны үшін Павел Дуровқа айыппұл салынуы мүмкін, деп жазады qandastar.kz
Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктың айтуынша, Павел Дуровқа қатысты материалдар Экология министрлігіне жолданған. Енді бұл әрекетті құқықбұзушылық деп тану немесе танбау мәселесін аталған ведомство шешеді.
Еске салайық, Көлсай көлдері — ерекше қорғалатын табиғи аумақ, мұнда шомылуға тыйым салынған. Туристерге тек суретке түсіп, суды бүлдірмей кетуге рұқсат етіледі.
Егер Экология министрлігі Дуровтың әрекетін ереже бұзу деп тапса, оған 10 айлық есептік көрсеткішке дейін (шамамен 39 мың теңге) айыппұл салынуы мүмкін.