Ашық дереккөздерге сәйкес, жер сілкінісі 10 маусым күні орын алған. Жер сілкінісі салдарынан 81 506 ғимарат қирап, 14 493 ғимарат зақымдалған. Колумбияның геологиялық қызметінің айтуынша, орын алған жер сілкінісі соңғы он жыл ішіндегі ең жойқын жер сілкінісі болып тіркелді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Жер сілкінісі салдарынан Кали қаласы қатты зардап шекті. Кали қаласы елдегі ең ірі қалалардың бірі болып саналады. Кали қаласынан басқа Перейра, Манисалес, Кибдо, Армения, Картагоп, Буэнавентура қалалары зардап шекті.
Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасуда. Апаттың салдарын жою үшін халықаралық күш жұмылдырылған. Құтқарушылар 358 адамды аман алып қалды.
Қазіргі таңда Колумбия мемлекетіне 220 тоннадан астам гуманитарлық көмек және Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша Еуроодақ Колумбия мемлекетіне 2 миллион еуро қаржы бөледі. Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Колумбия мемлекетіне көмек ретінде 15,5 миллион доллар қаржы бөлінгенін мәлімдеді.



