Sports.kz басылымы Fightnews.com сайтының бас редакторы Карл Фрайтагпен байланысып, ол Жәнібек Әлімханұлының төңірегіндегі жағдайды «өте қызық» әрі көптеген сұрақ туындататын оқиға деп атады, деп жазады qandastar.kz.
«Мансаптағы ең маңызды жекпе-жек, бәске үш әлем чемпионының белбеуі, өміріндегі ең үлкен гонорар және осындай нәтиже. Мен Әлімханұлы мельдонийді әдейі қабылдағанына сенбеймін. Бұл бокста басқа тыйым салынған препараттармен салыстырғанда айтарлықтай күш беретін дәрі емес. Оның үстіне 42 жастағы Эрисланди Ларамен жекпе-жек аясында.
Жәнібек өз жария мәлімдемелерінде таза спорт қағидаттарына адалдығын үнемі атап өтіп, допинг-тесттерді жиі тапсырып жүргенін айтқан. Қастандық теорияларының жетегінде кеткім келмейді, бірақ Әлімханұлы бұл мәселеде өз командасын мұқият қарастыру етуі керек. Өйткені бұл кем дегенде оның командасында осыған жауапты адамның салғырттығы немесе… өздеріңіз түсінесіздер», – деді сарапшы.
Фрайтаг сондай-ақ екінші допинг-сынаманың (B сынама) нәтижесіне де скептицизммен қарайды. Оның пікірінше, B сынаманың теріс шығу ықтималдығы іс жүзінде жоқ. Нәтиже расталса, бұл Алимханұлының дисквалификациялануына және чемпиондық белбеулерінен айырылуына алып келеді деп санайды.
«Егер B допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетсе, онда сөзсіз. Оның әрбір белбеуіне ресми үміткер бар. Оның үстіне IBF пен WBO — әдетте мұндай жайттарға көз жұма қарай алатын WBC пен WBA емес. IBF пен WBO тыйым салынған препараттың әдейі немесе кездейсоқ ағзаға түсуіне қарамастан, допинг жанжалдарына өте қатаң қарайды. Бұл жерде Жәнібекке жай ғана жолы болмады», – деп мәлімдеді Фрайтаг.
Сарапшының бағалауынша, осындай сценарийде қазақстандық боксшы рингке келесі жылдың желтоқсанынан ерте қайта алмайды.
«Менің мүлде жасағым келмейтін нәрсе – Әлімханұлын «есептен шығару». Мен оның чемпиондық белбеулерінен айырылса да, қайта оралуына сенемін. Иә, бұл тез болмайды, бірақ оның бокстың Олимпіне қайта көтерілу мүмкіндігін әбден шынайы деп есептеймін», – деп түйіндеді Фрайтаг.


