Депутаттар Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодексктерге өзгерістер енгізуді ұсынды. Мәжіліске енгізілген жаңа заң жобасына сәйкес, енді дәрігерлерге, жедел-жәрдем жүргізушілеріне немесе фельдшерлерге күш қолданған азаматтар қатаң жауапкершілікке тартылмақ, деп жазды qandastar.kz
Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, дәрігерді итеріп жіберсе немесе денсаулығына нұқсан келтірмей ұрса, онда 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, 1 000 АЕК айыппұл не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту жазасы ұсынылған.
«Ал одан да қатты соққыға жықса, адамның денсаулығына қауіп төнетін болса, онда 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы норма бар. Біздің ойымызша, бұл өте қажет. Бірінші кезекте дәрігерлер мен жедел-жәрдем жүргізушілерін қорғау үшін жасалып отыр», — деді Аймағамбетов.



