Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова Жаңа жылға орай ерекше құттықтау жариялап, ел арасында түрлі пікір тудырды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оның бейнеқұттықтауынан Қайрат Нұртастың көрінбеуі бірден желі қолданушыларының назарын аударды.
Актриса өткен жыл қиын болғанын айтып, өз тілегін жеткізді.
«Өзгесін еңбек пен талпыныс бере жатар. Бастысы елімізде тыныштық болсын, Патшамыздан пейіл кетпесін», — деп жазды Жұлдыз.
Оқырмандары түрлі пікір жазып жатыр.
«Ой, Алла, ажырасса, тиіп алайын деп пе едіңдер», «Соңында Қайрекен келіп барлығын құшағына алар деп ойлаған мен ғана ма», «2-ші семьясы мамасы шығар», «Екінші семьясы болса Жұлдыз Қайраттан тумас еді» деп жазды желі қолданушылары.



