Жаңалықтар

Конор Макгрегор 17 жылдан соң төрт бала туып берген сүйіктісіне үйленді

37 жастағы ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор мен оның сүйіктісі Ди Дэвлин ресми түрде некеге тұрды. Үйлену тойы Ватиканда өтті, деп жазады qandastar.kz. 

Жұп 17 жылдан астам уақыттан бері бірге өмір сүріп келеді және төрт баланы тәрбиелеп отыр. Жабық форматтағы неке қию рәсімі 2025 жылдың 12 желтоқсанында Ватикандағы ең көне әрі көпшілікке қолжетімсіз ғибадатханалардың бірі — Санто-Стефано-дельи-Абиссини шіркеуінде өтті.

Жас жұбайлар әзірге салтанаттан түсірілген фотосуреттерді әлеуметтік желілерде жариялаған жоқ. Алайда рәсімге қатысқан қонақтар мен спортшының фан-клубтары кадрлар мен іс-шараның егжей-тегжейін белсенді түрде бөлісіп жатыр. Бұл той спорт пен шоу-бизнес әлеміндегі ең көп талқыланған оқиғалардың біріне айналды.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Конор Макгрегор үйлену тойына шамамен бір миллион еуро жұмсаған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button