Жаңалықтар

«Концертке адам толмай жатса, мұғалімдердің не жазығы бар?!» Мұқаев заңсыздықты әшкереледі

Фото: парламент

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевқа колледж оқытушылары жүгінген. Олардың сөзінше, белгілі топтың концертіне мәжбүрлі түрде билет сатып алып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz

«Осындай мазмұндағы хаттар жиі келіп жатады. Мұғалімдерді концертке билет алуға мәжбүрлеу – заңсыз! Білім саласының қызметкерлерінен, атап айтқанда колледж, мектеп мұғалімдерінен “Алатау серілерінің” концертіне 5000 теңгеден билет алуды талап етіп жатыр деген бірнеше хат келуде.

Бұл – өрескел заңбұзушылық! Ешкімді еркіне қарсы қандай да бір шараға қатысуға немесе билет сатып алуға мәжбүрлеуге болмайды. ҚР Еңбек кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес, мұндай мәжбүрлеу – қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану», — деді депутат.

Dalanews.kz  жазғандай,  депутаттың сөзінше, мұғалім – білім беруші, сатылатын көрермен емес.

«Егер сіз осындай қысымға тап болсаңыз тиісті органға шағым түсіріңіз. Өз құқығыңызды біліңіз және қорғаңыз. Ұжымда мұндай әрекетке қарсы пікір білдіруден қорықпаңыздар!!! Мұғалімдердің беделі концерттің көрермен санымен өлшенбейді!

Республика сарайына адам толмай жатса, мұғалімдердің не жазығы бар?! Шағын сахналарда да концерт беруге болады-мыс. Көресіздер, мына посттан кейін мәжбүрлі билет алдыруға қатысты білім бөлімі де,әншілер де ештеңе білмей шығады», — деді Мұқаев.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close