ЖаңалықтарШоу бизнес

«Көп мақтану неге керек?»: Бақыт Тұрман отбасылық өмірі жайлы шындықты айтты

Әнші Бақыт Тұрман әлеуметтік желіде күйеуі, белгілі әзілкеш Қайрат Әділгереймен отбасылық өмірі жайлы шындықпен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Айтуынша, 20 жыл бойы түнде «Қайырлы түн, жаным», таңда «Қалай ұйықтадың, жаным?» деген сөзбен оянады екен.

«Біреу қызығар, біреу өтірік дер….
Менің бағыма орай, мен 20 жыл бойы түнде «Қайырлы түн, жаным», таңда «Қалай ұйықтадың, жаным?» деген сөзбен оянатын жанмын. Мен туралы қалай, біз туралы не ойласаңыз да, бір құпия бар арамызда Алладан берілген, оны сіз де біз де білмейміз!
Кейде соттай қатал, кейде мақтадай жұмсақ
Кейде әскердей талапшыл, кейде әжедей мейірімді
Кейде бабалардай дана, кейде жасөспірімдей ақымақ болып мың құбыла алатын мен сіздер ойлағандай идеал болуым шарт емес!
Ал әзіл — ол уақытша дүние, жеңіл ирония екенін ұмытпаңыздар!
Қартайғанда инстаграмымды ақтарғанда мен өнерім мен өмірімнің қызықты да бақытты шақтарын көргім келеді!
Бұл мен территориям, бұл менің әлемім!», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір қалдырып жатыр.

«Дұрыс айтасыз, ұнамағандар өтіп кетсін», «сізді кейбір адамдар түсінбейтін сияқты» және «көп мақтану неге керек» деп жазып жатыр олар.

 

Back to top button