Жаңалықтар

Көпбалалы аналарға керемет жаңалық: төлемдер рекордтық деңгейге жетті

Қазақстанда көпбалалы отбасылар мемлекеттен тұрақты түрде әлеуметтік қолдау алады. 2025 жылдың басынан бері мұндай жанұяларға жарты триллион теңгеден астам жәрдемақы төленген, деп жазады qandastar.kz

Елімізде төрт және одан да көп баласы бар (23 жасқа дейінгі күндізгі бөлім студенттері болса да) ата-аналарға арналған көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы қарастырылған.

Бұл төлемдер отбасының табысына қарамастан барлық көпбалалы жанұяларға тағайындалады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты.

2025 жылы олар мынадай:

4 бала – 16,03 АЕК (63 030 теңге)
5 бала – 20,04 АЕК (78 798 теңге)
6 бала – 24,05 АЕК (94 565 теңге)
7 бала – 28,06 АЕК (110 332 теңге)
8 және одан көп бала – әр балаға 4 АЕК (15 728 теңге)

2025 жылғы қазан айында бұл жәрдемақыны 590 мың адам алып, оларға 45,4 млрд теңге төленген. Жыл басынан бері орта есеппен 603 мың отбасы қамтылып, жалпы төлем көлемі 436,5 млрд теңгені құрады.

Бұған қоса, Қазақстанда «Алтын алқа», «Күміс алқа», бұрынғы «Батыр ана», сондай-ақ «Ана даңқы» I–II дәрежелі ордендерімен марапатталған аналарға өмір бойы төлем жасалады.

2025 жылы олардың жәрдемақысы:

«Күміс алқа» иегерлеріне – 6,4 АЕК (25 165 теңге)
Қалған марапатталғандарға – 7,4 АЕК (29 097 теңге)

Қазан айында бұл санаттағы 245,1 мың ана 6,6 млрд теңге көлемінде төлем алған. Жыл басынан бері орта есеппен 243,4 мың адам 65,2 млрд теңге иеленген.

Осылайша, 2025 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға жалпы 501,8 млрд теңге (жарты триллионнан астам) әлеуметтік төлемдер берілген.

Айта кетейік, елімізде тек көпбалалы отбасылар ғана емес, басқа да әлеуметтік санаттар мемлекеттік қолдауға ие. Бірақ, кейде бұл төлемдерді оған құқығы жоқ азаматтар да ала беретіні жасырын емес.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button