2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің артуына байланысты көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері де ұлғайды, деп жазады qandastar.kz
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда – 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғайды.
Сонымен қатар мөлшері бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, 10 баласы барларға – 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін өсті.
2026 жылы бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы:
- бірінші, екінші және үшінші балаға – 164 350 теңге (38 АЕК);
- төртінші және одан да көп балаға – 272 475 теңге (63 АЕК).
1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы:
- бірінші балаға – 24 912 теңге (5,76 АЕК);
- екінші балаға – 29 453 теңге (6,81 АЕК);
- үшінші балаға – 33 951 теңге (7,85 АЕК);
- төртінші және одан көп балаға – 38 493 теңге (8,90 АЕК).
Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік төлемдер:
- 4 бала – 69 330 теңге (16,03 АЕК);
- 5 бала – 86 673 теңге (20,04 АЕК):
- 6 бала – 104 016 теңге (24,05 АЕК);
- 7 бала – 121 360 теңге (28,06 АЕК);
- 8 және одан да көп бала – әр балаға 17 300 теңге (4 АЕК).



