ЖаңалықтарСараптамаЭкономика және бизнес

Көпбалалы отбасыларға қолдау Еуропадағы екі балалы отбасыларға берілетін деңгейде болуы тиіс — экономист

Экономист Олжас Құдайбергенов көпбалалы отбасыларды қолдау мәселесін көтеріп, олардың елдің демографиялық болашағы үшін шешуші рөл атқаратынын айтты. Оның айтуынша, Қазақстандағы халық санының негізгі өсімі шамамен 400 мың көпбалалы отбасылардың есебінен қамтамасыз етіліп отыр, деп жазады qandastar.kz

Құдайбергенов көпбалалы аналарға қатысты жағымсыз көзқарастың қоғамнан жоғалғанын оң өзгеріс деп атап өтті.

«Бұл әйелдер балаларды өздері үшін емес, ел үшін дүниеге әкеліп отыр. 20 миллион ғана халқы бар, аумағы үлкен мемлекет үшін бұл – стратегиялық маңызды фактор», – деді ол.

Экономист жеті және одан да көп баласы бар отбасыларды мемлекет ерекше назарда ұстауы тиіс екенін, ал Еуропада екі балалы жанұяның өзі артықшылықтарға ие болатынын мысалға келтірді.

«Біз менталитетімізді сақтамасақ, халық саны азайып, болашағымыз бұлыңғыр болуы мүмкін», – деді Құдайбергенов.

Сонымен бірге ол ірі банктер, мұнай-газ компаниялары, құрылыс секторы сияқты ірі бизнесті көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетуге шақырды. Оның айтуынша, бизнес саласында әлеуметтік жүк көтермей отырған компаниялар да бар, сондықтан бұл бағытта нақты бастамалар қажет.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button