Жаңалықтар
«Көпірден секіріп кетемін»: Алимент төлемеген әке қамауға алынды

Астана тұрғыны көпірден секіремін деп қорқытқан видеосы үшін 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Іс материалдарына сәйкес, 10 маусым күні ер адам «Қараөткел» көпірінің аркасына шығып, одан секіремін деп мәлімдеген. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаны ол жеке сот орындаушысы мен бұрынғы әйеліне жіберген.
Сот отырысы барысында ер адам өз кінәсін толық мойындады. Ажырасқаннан кейін 1 миллион теңгеден асатын алимент қарызы жиналғанын түсіндірді. Қаржылық қиындықтар мен эмоционалдық күйзеліс оны осындай әрекетке итермелеген.
Борышкер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды