ДенсаулықЖаңалықтар

Қорғаныс министрлігі қазақ болған әскерилер туралы мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі қайтыс болған әскери қызметкерлері туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды qandastar.kz.

Қорғаныс министрлігі Баспасөз қызметінің ақпаратынша, қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтаровқа қатысты жағдай мен қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың өліміне қатысты фактілер Ұлттық гвардияда болған және оның қарулы күштерге қатысы жоқ.

«2024 жылдың 13 мамырында Сарыөзек ауылындағы мерзімді әскери қызметкер, қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Қазіргі уақытта министрлік қаза болған сарбаздардың ата-анасына жан-жақты қолдау білдіріп, өтемақы төлеу түрінде көмек беріліп жатқанын айтты.

«Әскери қылмыстарды тергеп-тексеру барысы бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелерінің бақылауында. Қарулы Күштердің басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы іс-шарада ашықтық пен объективтілік қағидаттарын ұстанады», – деп хабарлады министрлік.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close