Шоу бизнес

«Қорқынышты»: Баян Алагөзова «педофилдер» жайлы айтқан «ұстаздың» сөзіне жағасын ұстады

Алматыдағы Нұр-Мүбәрак университетінде қызмет ететін имамның сөзін естіп Баян Алагүзова жағасын ұстады, деп жазады qandastar.kz.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ер адам «педофилдердің болуы — Алланың барына дәлел» деген видеомен бөліскен.

«Мынау өте қорқынышты. Мына университет қабырғаларында не болып жатыр?», — деп жазды Баян.

Жазбада ұстаз Алматыдағы Нұр-Мүбәрак университетінде қызмет ететіні айтылған.

«Қалай ойлайсыздар? Керісінде педофилдердің болуы Алланың жоқ болуынан болмауы керек. Педофил болуы Алланың бар екенінің дәлелі. Неге деп ойлайсыздар? Егер Алла болмаса, біздің қалауымыз орындалады. Біздің қалауымыз педофилдің болуы ма, болмауы ма? Онда болмайтын еді. Бірақ біздің қалаған нәрсеміздің қарсысы болып тұр ма? Біздің қалауымыз орындалып тұр ма, орындалып тұрған жоқ па? Ол нені білдіреді? Ол біреу сенің қалауыңның орындалуын қалап тұр дегенді білдіреді. Ол қай зат? Бір затты қалап тұрсың. Сенде бүкіл қалауыңның орындалуы Алланың барына дәлел емес пе?», – дейді өзін ұстаз атаған ер адам.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button