ЖаңалықтарШоу бизнес

«Қорлап жатқанын көру қиын»: Қабатовтың қызы әкесі жайлы айтты

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үшінші қызы Айару әкесімен қазіргі қарым-қатынасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz

Айарудың айтуынша, қазіргі жағдайларға қарамастан әкесі оның өмірінде әрқашан ең жақсы әке болып қала береді.

«Қазір көп адамдар әкемді сынап жатады. Бірақ мен үшін ол әрдайым керемет әке болып қала береді. Мен оны өмірімдегі ең қымбат адам ретінде бағалаймын.  Адамдардың әкем жайлы жаман пікірлерін оқығаным ауыр соқты, себебі жақын адамды қорлап жатқанын көру қиын», – дейді Айару.

Айта кетейік, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. Оның сөзіне қарағанда, әзілкештің екінші әйелі 14 жыл бұрын пайда болған.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button