Әлем жаңалықтары

Коронавирус Қытай зертханасында жасалған болып шықты

Фото: picture alliance/Getty Images

Коронавирус Қытай зертханасында жасалды. Бұлай деп АҚШ Конгресінің баяндамасында жазылған, деп жазды qandastar.kz

АҚШ конгрессмендері екі жылдық тергеу қорытындысы бойынша коронавирус Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан пайда болып, одан тыс таралып кетуі ықтимал деп есептеп отыр. Олар вирустың табиғатта анықталмаған биологиялық сипаттамаларға ие екенін алға тартады.

atamekenbusiness_qaz жазғандай, Ухань вирусология институтының зерттеушілері COVID-19 анықталғанға дейін бірнеше ай бұрын 2019 жылдың күзінде коронавирусқа ұқсас вирусты жұқтырған.

Осыған дейін Қытай АҚШ-тың «коронавирус Уханьдағы зертханада пайда болды» деген айыптауларын бірнеше рет жоққа шығарған. Аспан асты елі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тығыз жұмыс істеп, вирустың шығу тегін анықтау мақсатында осы ұйымның зерттеу тобын еліне шақырған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close