Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Көрсетпеңіздер, көз тиеді»: Асханада кезекте тұрған әкім желіде қызу талқыға түсті

Желі қолданушысы асханада көппен бірге кезекте тұрған Орал қаласының әкімінің видеосын жариялады.

Жарияланым желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Қала әкімі не жейді десем… Біз жейтін тамақты жейді екен. Өз тамағын, өзі кезекте тұрып тапсырыс беріп жатыр. Әкімдерге үлгі болар қарапайымдылық», — деп жазды ол.

Қазақстандықтар Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов жайлы түрлі пікір қалдырып жатыр.

«Депутат дейсің бе?! Қара уылдырық жейтін», «Мұрат Байменов — халыққа жақын, қарапайымдылығымен ерекшеленетін әкімдердің бірі. Қандай да бір округте мәселе туындап, шешілмей жатқан кезде, тәулік бойы, 24/7 байланыста болып, халықтың мәселесін тыңдап, қолдан келгенше шешуге тырысады. Кейде мәселе шешілмесе де, ең бастысы – адамды тыңдай білу. Ал Мұрат Байменов әр адамның сөзін бөліп-жармай тыңдайды», «Өте қарапайым кісі екен Орал қаласының әкімі, ризамын, қандай да бір проблемалық сұрақтарды мұқият тыңдап оны жедел шешудің амалын жасайды», «Оның несі жаңалық аспаннан түскен жоқ адам олда» және «Шетелде Европа жақта солай ғой. Таңғаламыз біздер. Енді президенті осылай жүрсе нұр үстіне нұр болар еді» деп жазып жатыр олар.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button