Қаржы және төлемдер

Қос азаматтығы бар Астана тұрғыны Қазақстан мен Ресейде 10 жыл бойы зейнетақы алған

Фото: ашық дереккөз
Астана прокуратурасының қызметкерлері зейнетақы жарналарының заңсыз түсуінің жолын кесті, деп хабарлайды qandastar.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей Федерациясы мемлекеттерінің қос азаматтығы бар қала тұрғыны 10 жыл бойы екі мемлекеттің аумағында бір мезгілде зейнетақы төлемдерін алып отырған.

«1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы Келісімге сәйкес – қатысушы мемлекеттер шегінде зейнеткер қоныс аударған кезде, егер сол түрдегі зейнетақы зейнеткердің жаңа тұрғылықты жері бойынша мемлекеттің заңнамасында көзделсе, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлеу тоқтатылады», – делінген хабарламада.
Ведомство зейнетақы төлемдерін Келісімге қатысушы екі мемлекетте бір мезгілде тағайындау мүмкін емес екенін хабарлады.

Қала прокуратурасының ден қою актісі бойынша сотпен зейнетақы төлемдерін алушыдан 8,9 млн теңге мөлшерінде заңсыз алынған зейнетақы төлемдері өндірілді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close