Басты жаңалықтар

«Қосанов, халыққа шық!» — аналар Қорғаныс министрінен жауап талап етті

Астанада қаза болған сарбаздардың аналары Қорғаныс министрлігінің алдына жиналып, министр Даурен Қосаев пен ведомство өкілдерін халық алдына шығуға шақырды. Олар ұлдарының өліміне қатысты істердің тергелмей отырғанына наразы.

Бүгін таңертең Астанадағы Министрліктер үйінің алдында әскерде қаза болған сарбаздардың аналары жиналды, деп хабарлайды QANDASTAR сайты ORDA порталына сілтеме жасап. Әйелдерді ғимарат ішіне кіргізіп, олар наразылығын сол жерде жалғастырды.

«Олар реформаны қабылдай алмайды, бәрі жай есеп үшін отыр. Үш жарым жыл өтті — ештеңе өзгермеді. Мен бәрінің атын жатқа білемін. Қосанов, Жайсанбаев… шықсын халыққа!» — деді ашынған Гүлмира Мұқажанова.

Оқиға орнында тұрған ер адам дауысзорайтқыш арқылы жиналғандарды тарауға шақырды:

«Өтініш, бұл әрекеттерді тоқтатыңыздар. Әйтпесе әкімшілік жауапкершілік қарастырылады».

Алайда аналар бұл ұсыныстан бас тартты. Оларды қабылдауға Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары, әлеуметтік және құқықтық жұмыс жөніндегі генерал Қайсар Үмбетов пен Қорғаныс министрлігінің өкілдері дайын екенін айтты.

Бірақ аналар мұнымен келіспеді. Олар министр Даурен Қосаев пен шағымдарды қарау бөлімінің басшысы Қанатбек Жайсанбаевтың өздері шығуын талап етті.

«Жайсанбаев, Қосанов! Егер адал жұмыс істесеңдер — халыққа шығыңдар!» — деді олар.

Аналардың айтуынша, министрлік өкілдерімен кездесулер жиі өтеді, бірақ нақты нәтиже жоқ, ал ұлдарының қазасы бойынша тергеулер әлі жүргізілмеген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button