Жаңалықтар
Қошанов хиджаб дауына байланысты пікір білдірді
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов мектепте хиджаб киюге байланысты пікір білдірді, деп adyrna.kz ұлттық порталы
Мәжіліс төрағасының айтуынша, Қазақстан – зайырлы мемлекет.
«Шынында да бұл мәселе бойынша, алуан түрлі пікірлер айтылып жатыр. Оны өздеріңізде біліп отырсыздар. Бірақ біз зайырлы мемлекетпіз. Сонымен қатар біздің Коститутциямызда дін бостандығы бар. Өзінің діни рәсімін жасаймын деген адамдарға ешбір шектеу жоқ. Өзінің діни рәсімін атқарамын деген азаматтарға қай дінді ұстанса да, мешіт пе, шіркек ме, жоқ әлде басқа да діни орталықтарына барып, өздерінің діни рәсімдерін өткізуге мүмкіндіктері бар.
Ал мектепке келсек, оқу орнын саяси немесе діни ағымдардың ортасына айналдырмауымыз керек, ол білім ордасы. Мектепте тек қана білім беру керек. Сондықтан біз балалар мен оқытушыларды басқа мәселеге алаңдатпауымыз керек және министрліктің мектепте қандай форма кию керек екені туралы стандарттары бар. Сол стандарттарды ұстану керек. Балалар өздері кәмілеттік жасқа жеткеннен кейін қандай жолмен жүретінін өзі таңдайды”, – деді спикер.