
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды qandastar.kz.
Видеоны түсіріп тұрған әйел адам жігіттің көшеде қызды ұрып жатқанын айтқан.
– Мен мұны сіздің ұрғаныңызға дәлел болсын деп видеоға түсіріп тұрмын. Міне, қызды ұрғаныңызға мына әйел куә. Қызды жайына қалдырыңыз. Қазір полиция келеді. Әркім өз ісіне жауап беруі керек, – дейді видео түсіріп тұрған әйел.