Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты пікір білдірді.
Әкімнің айтуынша, Гүлбарам Мұсағазина 2026 жылғы 11 ақпанда өз өтініші бойынша қызметінен босатылған.
«Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Заңға сәйкес, мемлекеттік органдар тергеуге араласуға немесе баға беруге құқығы жоқ. Барлық мән-жай объективті және жан-жақты қаралады», – деді Құмар Ақсақалов.
Еске салсақ, ҰҚК баспасөз қызметі Гүлбарам Мұсағазинаның ұсталғанын растаған. Қазіргі уақытта оның үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.



