Жаңалықтар
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА 328 ТҰРҒЫН ҮЙ СУ АСТЫНДА ҚАЛДЫ

Автожоларда 5 учаске мен 1 көпірді су шайып кетті. Бұл туралы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Асылбек Садуов айтты. Эвакуацияланған тұрғындардың 1300-ге жуығы бала. Қазір қауіпсіздік шараларын нығайту мен қызыл судың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Асылбек Садуов, Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары: Бүгінгі күнімізде Қостанай облысынан көмекке келген әскери қызметтер бар. Қызылорда облысынан, Қарағанды облысынан, Астана қаласынан осының барлығын айтар болсақ жалпы 285 адам 21 техника көмекке келді.