Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қостанай облысындағы Қарасу ауданы әкімінің орынбасарын ұстады, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Шенеунікке сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген айып тағылып отыр.
Белгілі болғандай, 2025 жылғы 31-желтоқсан күні шенеуніктің қолына кісен салынып, оның жұмыс орнында тінту жүргізілген. Қазір қамауға алынған лауазымды тұлғамен істес болған облыс әкімдігінің бөлім басшысы және құрылыс компаниясының иесі де тергеуге тартылған.
Сондай-ақ, 2026 жылғы 2 қаңтар күні Қарасу ауданы әкімдігінде тінту жүргізіліп, құжаттар тәркіленген.



