Жаңалықтар

Қостанай облысында белгісіз ер адам әйелді бауыздап өлтірген

Фото: Pixabay

Марқұмның жанында күйеуі болған.

Қостанай облысында белгісіз ер адам әйелді бауыздап өлтірген. Қайғылы оқиға 20 шілде күні Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Stan.kz жазуынша, Карл Маркс көшесіндегі жеке үйлердің бірінің ауласында мойны кесілген жаралы әйел табылды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі әйелдің көз жұмғанын анықтады.

Марқұмның жанында күйеуі болған. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне 40 минут бұрын әйелінің айғайын естіп, сыртқа шыққанын, оны осы күйде тапқанын айтыпты. Марқұмның күйеуі күдіктімен төбелесу кезінде басының артына және бетіне пышақ жарақатын алған.

«Құсмұрын ауылында әйелді өлтірді деген күдікпен полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Қостанай облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close