Жаңалықтар

Қостанайда аудандық білім бөлімі 2,2 миллион теңгеге негізсіз жиһаз сатып алған

Фото: Stan.kz / ЖИ көмегімен жасалған

Қостанай ауданының білім бөлімінің мемлекеттік қаржыны тиімсіз пайдаланғаны белгілі болды, деп жазды Qandastar.kz

Тексеру барысында білім бөліміне қарасты емес әдістемелік кабинетке 2,2 миллион теңгеге 14 дана кеңсе жиһазы сатып алынғаны анықталды. Бұл фактіні «АДАЛ ДОС превенция» қоғамдық бірлестігі мен «ГрИн» Қостанай облыстық азаматтық альянсы жүргізген тексерісінен кейін мәлім болды.

Сондай-ақ, «Ауданның үздік білім беру жүйесі» атты іс-шараны өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлуге ресми өтінім жасалмағаны белгілі болды. Дегенмен құжат жүзінде қызметкерлерге ынталандыру көрсетіліп, бұл мақсатта облыстық білім басқармасынан мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаражат жұмсалған.

Бұл әрекет Бюджет кодексінің талаптарына қайшы келеді. Сондықтан заңсыз төленген қаражат бюджетке толық көлемде қайтарылды.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша білім басқармасына оларды жою және кінәлі қызметкерлердің жауапкершілігін қарастыру жөнінде ресми нұсқама жолданды.

Back to top button