Жаңалықтар

Қостанайда медицина қызметкері қарияны соққыға жықты

Фото: Видеодан скрин

Қостанайдағы бейімдеу және детоксикация орталығында медицина қызметкері 61 жастағы ер адамды ұрып-соғып, ауыр жарақат салды. Бұл туралы жәбірленушінің қызы әлеуметтік желіде жантүршігерлік сәттің видеосын жариялап мәлімдеді, деп хабарлады qandastar.kz.

Айтуынша, әкесі ғимарат ішінде темекі шеккені үшін соққыға жығылған. Салдарынан қарияның оң бүйрегі жыртылып, дәрігерлер оны алып тастауға мәжбүр болған. Сондай-ақ, 11-ші және 12-ші қабырғасы сынған. Қазір жағдайы ауыр.

Полиция қасақана ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, бастапқыда изоляторға қамалғанымен, кейін үйқамаққа жіберілген. Тергеу жүріп жатыр, іс жақын күндері сотқа жіберіледі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен қарияның жағдайына қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Back to top button