Жаңалықтар
Қостанайда жаттықтырушы жоқ адамдарды шорт-тректен жарысқа апарып ақша жымқырған
Фото: ашық дереккөз
Қостанайда шорт-тректен жаттықтырушы бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды. Ол жарыстарға жоқ адамдарды алып барған. Ал спортшыларға арналған қаржыны өз депозитінде сақтаған. Бұл туралы qandastar.kzақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаттықтырушы спортшыларды жарыс пен дайындыққа апарып, бұл үшін қаржы алып келген. Алайда кейін спортшыларда ешқайда апармағаны анықталды. Ұрланған 6 миллион теңгеден бөлек қаржыны депозитте сақтап, тағы 600 мың теңге көлемінде банк сыйақысын да алып үлгерген.
Енді жаттықтырушыға қатысты екі бап бойынша іс қозғалды.
«Аталған бап бойынша күдікті 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Сонымен қатар белгілі қызмет түрімен 6 жылға дейін айналысуға тыйым салынады», – деді Қостанай облысы прокурорының орынбасары Марат Игіліков.