Жаңалықтар
Қостанайдағы төбелес: Ауыр соққыдан ер адам қайтыс болды
Фото: видеодан скрин ашық дереккөз
Аяғы адам өлімімен аяқталған төбелес 12 қазан күні Лисаков қаласындағы Монако караоке клубында таңғы сағат 5-те болған, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Оқиға желісі әлеуметтік желіге тарап кетті. Қайтыс болған адам 41 жаста. Полиция департаменті бұл оқиғаны растады.
Лисаковтың адам өліміне әкеп соққан ойын-сауық орындарының бірінде дене жарақатын келтіру фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
22 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Лисаков соты оны тұтқындауға рұқсат берді.
t.me/prokadrykz каналы мәлімдегендей, оқиға 12 қазанда болған. Ер адам дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер екі күн бойы өмірін сақтап қалуға тырысқанымен ер адам алған ауыр жарақаттарынан кейін 15 қазан күні қайтыс болды.