Костанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірде атқарылған жұмыстарды баяндады. Алайда әкім журналистің нақты сұрағына дұрыс жауап бере алмады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Кazchuvash Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Брифингте журналист 2025 жылы спутниктік мониторинг деректері бойынша Қостанай облысында 2,3 миллиард шаршы метрден астам дала өрті тіркелгенін, сол өрттің алдын алу және оны сөндіру үшін қандай шаралар қолданылғанын, сондай-ақ мұндай ауқымды өрт туралы ақпарат БАҚ-та неге ақпарат жарияланбағанын сұрады.
Ал Ақсақалов бұл деректі шындыққа сай келмейді деп қысқа қайырды.
«2,3 миллиард шаршы метр аумақ жоқ біздің облыста. Егер солай болса, бүкіл аумақ өртке оранар еді. Бұл – жалған ақпарат», – деді әкім.
Алайда, ашық дереккөздергі ақпарат бойынша 2,3 миллиард м² облыс аумағының 1,17%-ын құрайды.
«Әкімнің шындықты жалған санап, өтірік айтуы қаншалықты дұрыс», – делінген Telegram арнадағы жазбада.
Айта кетейік, Костанай облысының жалпы ауданы – 196 001 шаршы метр. Ол Қазақстанның солтүстік бөлігінде орналасқан және негізінен жазық дала болып есептеледі.



