Жаңалықтар

Жаяу жүрмеймін: Қостанайдың әкімі 23 миллион тұратын көлікті неге таңдады?

Фото: ашық дереккөз

Қостанай қаласы мәслихатының комиссия отырысында әкім Марат Жүндібаев жаңа көлігіне қатысты пікір білдірді, деп жазады qandastar.kz.

Қазақстанда шығарылған жаңа Kia Sorento тендер арқылы таңдалған. Оны сатып алуға 23 миллион теңге жұмсалады.

«Иә, мен оны қолданамын, өйткені қалада жаяу жүре алмаймын. Оның үстіне бұл өзіміздің өндірістен шыққан көлік», – деп қысқа қайырды Жүндібаев.

Әкім орынсыз сауал үшін депутаттарға шағымын да айтып қалды. Көлікті жеке мүддесіне емес, жұмыс үшін пайдаланатынын алға тартты.

2022 жылы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Жүндібаев Марат Қонысбайұлы Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close