Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қостанайлық әйел жалған ақшамен сауда жасап, бірнеше адамды сан соқтырды

Ақтөбеде базар аумағында алаяқтық жасады деген күдікпен әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияға Ақтөбе қаласындағы Орталық базардың сатушыларынан бірнеше арыз түскен.

Олардың айтуынша, белгісіз әйел тауар үшін сувенирлік купюралармен есеп айырысқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция Қостанай облысының 48 жастағы тұрғынын анықтады.

Жеке тінту кезінде күдіктіден номиналы бес және он мың теңгелік сувенирлік купюралардың бір бумасы тәркіленді.

Анықталғандай, күдікті аязды ауа райын және сатушылардың қырағылығының төмендеуін пайдаланып, тауар сатып алып, қайтарым ақша алған.

Аталған дерек бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктінің төрт алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button