Қаржы және төлемдер
Қосымша құн салығының мөлшерлемесі белгіленді

Фото: чат джи пити
Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады,- деп хабарлайды qandastar.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексі мен салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Депутаттар пен Үкіметтің бiрлескен жұмысы нәтижесiнде, соның iшiнде қосылған құн салығы реформасы бойынша бiрқатар шешiм қабылданған.
- Алғашында Үкімет ұсынған 20 пайыздық мөлшерлеме 16 пайызға дейін төмендетілді.
- Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеудің шегі 15 миллионнан 40 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.
- Дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге қосылған құн салығының төмендетілген мөлшерлемелері енгізіледі: 2026 жылдан бастап 5 пайыз және 2027 жылдан бастап 10 пайыз болады.
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті медициналық сақтандыру, сирек кездесетін және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу аясындағы тауарлар мен қызметтер қосылған құн салығын төлеуден босатылады.
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен отандық басылымдарды, сондай-ақ, баспа түріндегі кітаптарды басып шығару қызметтерін ҚҚС төлеуден босату жоспарланып отыр.
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатымен қосылған құн салығы сомасы 70 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылды.
- Оңайлатылған декларацияны реформалау аясында рұқсат етуші тізімінің орнына тыйым салынатын тізім енгізілді.
- Мәслихаттардың өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып ±50%-ға дейін түзету мүмкіндігімен 4 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленді.
- Кәсіпкерлік субъектілері арасындағы операцияларға арнаулы салық режимін қолдану кеңейтілді.
- Ойын бизнесі мен банктер үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 25 пайызға дейін көбейтілді. Ал банктер үшін кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуден түсетін кірістер бойынша мөлшерлеме 20 пайыз деңгейінде қалды.
- Жеке табыс салығының прогрессив шкаласы енгізіледі: жалақы бойынша: 8500 АЕК-ке дейінгі табысқа 10% (жылына 33,5 млн. теңгеге дейін), одан жоғары болса 15%; дивидендтер түріндегі кірістер үшін: 230 000 АЕК дейін 5% (1 млрд. теңгеге жуық) және одан жоғары болса 15%; резидент емес жеке тұлғалардың кірістері үшін: 600 000 АЕК дейін 10%, одан жоғары болса 17%