Білім
Коуч: Жапон мектептерінен үйренеріміз көп

Фото: ашық дереккөз
Коуч, тренер Азамат Скаков Нарықби подкастында берген сұхбатында жапон мектептерінің ең қызықты әдісімен бөліседі, деп хабарлайдыqandastar.kz
Ол жапон мектептерінде балаларға арналған қатаң бір заң барын баяндады. Ол заң мектеп оқушыларының үйде күнделікті ерте жатып, дұрыс тамақтануы аясында қарастырылған.
”Жапон мектептеріндегі мұғалімдер күнде таңертең баланың нешеде ұйықтағанын, таңғы асқа не жегенін, қызуы қанша екенін тексереді. Бала кешкі 9-дан кеш жатса, ата-анаға сөгіс жариялайды. Ғылыми тұрғыдан да алып қарасақ, 9-дан кейін кеш жатқан баланың миы 20 %-ға аз жұмыс істейді. Бала жаңа тақырыпты игере алмай қалады”,- деді ол.