Жаңалықтар

«Қоянбаев та келді»: Астаналық кәсіпкер дүкенін Тәуелсіздік күніне орай ерекше безендірді

Астанада азық-түлік дүкенінің иесі көк шар мен Туымызды іліп, дүкен ішін мерекеге орай безендіріп қойған. Бұл туралы Qandastar.kz Іnstagram желісіндегі qazaqtoday парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

“Бұл – Тәуелсіздік күніне арналған өз идеям. Кәсіпке көшкеніме бір жыл болды. Бірінші жылы осыны істедім. Келер уақытта үлкен кәсіпкер болып жатсақ, бұдан да мықты ой бар”, – дейді “Әзірет” дүкенінің иесі Темірхан Сафаров.

Оның айтуынша, дүкенге көк ту мен шар ілу – өзінің жеке идеясы. Безендіруге 7 күн кеткен, ал дүкен ішінде жалпы 4000 шар бар.

Дүкен иесінің бұл ойын көпшілік қолдап, жылы пікірлер қалдырып жатыр.

“Уау, қандай әдемі! Бұл дүкен қайда орналасқан, бару керек екен”, “Дүкен иесі, жарайсыз”, “Мен де ойлайтынмын, барлық елде Тәуелсіздік күнін сән-салтанатпен, жарқын түрде атап өтеді. Көшелер миллиондаған тулармен, шарлармен безендіріледі, мысалы, АҚШ-та әрбір үйдің өз туы ілулі тұрады. Ал бізде болса, бәрі біртүрлі жасырын, тым тыныш өтетін сияқты”, “Осыны дәстүрге айналдырсақ қой”, “Сөз жоқ, тек эмоция, керемет”, “Өте әдемі көрінеді екен, мен де үйімді безендіріп қоямын-ау”, – деп жазған олар.

Дүкенге продюсер, актер Нұрлан Қоянбаевтың өзі де барған.

“Еліміздегі ерекше дүкен. Бір-бірімізді қолдап жүрейік. “Әзірет” дүкені жарайсыздар”, – деп жазған ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button