Жаңалықтар

«Көзімнен жасым үзілді»: Абай Бегей 16 жасынджа тұрмысқа шыққан қызына терме арнады

Сурет: https://www.instagram.com/abai_begei

Келін болған қызымды көріп көңілім бұзылды

Белгілі әнші Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызына арнап терме орындады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сымбат Абайқызы келін болғаннан кейін туып-өскен үйіне алғаш келуі.

“Келін болған қызымды көріп көңілім бұзылды

танымайтын жат елдің, шайын құйып, сызылды

Көлегейлеп көзімді, көзімнен жасым үзілді

Еркелігі үйдегі елес боп көзге ілінді”, – деп жырлады әнші.

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, әншіге жылы лебіздерін білдірді.

«Абай ағамыз қызына деген сағынышын осы бір әнмен жеткізді деп ойлаймын. Екі жас бакытты болсын», «Қандай қиын өлең, мына жақта көзімізді сығып алдық», «Күйеу баланы төрге отырғызып термемен әбден сілкіп алды ғой Абекең. Күйеу бала төрге отыру үшін қаншама жылдар керек. Бақытты отбасы болыңдар» деп жазды желі қолданушылары.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close