Шоу бизнес

«Ажырасқан ба?»: желіде Мақпал Исабекованың жеке өмірі талқыланды

Белгілі әнші Мақпал Исабекова жаңа бейнебаянын көпшілік назарына ұсынып, әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды, деп жазады qandastar.kz.

Желі қолданушылары әннің сөздеріне ерекше мән беріп, орындаушының жеке өміріне қатысты түрлі болжамдар айтуда.

«Сен емес пе, уәделерді шашқан?

Маскаң шешілмейді деп ойладың ба?

Бәрі астан-кестен, енді не істеймін?

Сезімнің өшкені сол емес пе?

Артқа қайтқым келмейді,

Күзгі бақта болғым келмейді,

Енді өзгенің жүрегін жарала», – деп әндетеді өнер иесі.

Клиптегі оқиға желісі мен берілген эмоциялар көрермендердің назарын аударып, түрлі пікірлердің туындауына себеп болды.

«Өмірінен алынғандай», «Басынан өткенін әнмен жеткізген сияқты», «Ажырасу бар ма екен?», «Сатқындықтың ізі байқалады», «Көзқарасынан-ақ бәрі сезіледі», «Бұл да ажырасып кеткен бе?» деген сынды ойларын желі қолданушылары жарыса жазды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Исабекова Макпал (@makosyai)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button