ҚР I шақырылым Құрылтайының алғашқы отырысында төралқа құрамы мен тұрақты комитеттердің жетекшілері айқындалды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты партияға сілтеп хабарлады.
Құрылтай төрағасы болып «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайланды. Төрағаның орынбасарлары қызметіне «Әділет» партиясының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Динара Зәкиева бекітілді.
Сондай-ақ Құрылтайдағы «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі болып Ербол Адаев тағайындалды. Оның орынбасары қызметін Лаура Қарабасова атқарады.
Бұдан бөлек, «Әділет» партиясының депутаттары Құрылтайдағы сегіз тұрақты комитеттің жұмысына жетекшілік етеді. Аталған комитеттер заң жобаларын қараудың негізгі алаңы саналады. Мұнда маңызды бастамалар талқыланып, тиісті салалар бойынша шешімдер әзірленеді.
Осылайша, Құрылтай төралқасы, фракция басшылығы және тұрақты комитеттердің құрамы толық қалыптастырылды. Бұл Құрылтай жұмысының ұйымдастырушылық кезеңінің аяқталғанын білдіреді. Енді ҚР I шақырылым Құрылтайы толыққанды заң шығару қызметіне кіріседі.



