Қаржы және төлемдер
Кредит беру және қаржыландыру тәсілі өзгерді

Фото: ашық дереккөз
Кредит беру және қаржыландыру тәсілі өзгерді, деп жазды qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Бұл мәселе «Қазақстанның даму банкіне» қатысты. Смайыловтың командасы аудит жүргізгенде аталған банк жекелеген қарыз алушыларға бекітілген шекті мәннен төмен ставкада кредиттер берген. Аудиторлардың пікірінше, бұл мемлекеттік қолдау шараларына алуда тең жағдай жасауға мүмкіндік бермейді.
«Нәтижесінде банк директорлар кеңесінің шешімімен өңдеу өнеркәсібі жобаларының айналым капиталын қаржыландыру және экспорттаушыларды қолдау бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. Бұл барлық түпкілікті қарыз алушылар үшін бірыңғай сыйақы мөлшерлемесін жылдық 7% мөлшерінде белгілеуді көздейді», — делінген аудит хабарламасында.
Сонымен қатар аудиторлар банктің бюджет қаражатын 0,15% мөлшерлемемен алып, кейіннен қарыз алушыларға 9-11% мөлшерлеме бойынша кредит беретінін анықтады. Бұл Банктің артық қаржылай пайда алуына және мемлекет үшін кірістің жеткіліксіздігіне әкелді. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата бюджеттік кредиттеу шарттары бойынша пайыздық мөлшерлемелерді қайта қарауды ұсынды. Нәтижесінде Үкімет 1%-ға дейін арттыру тәсілдерін мақұлдады.