ЖаңалықтарСпорт

Криштиану Роналдумен бірге ойнаған португалдық футболшы «Ақтөбе» -мен келісімшартқа отырды

Қазақстандық «Ақтөбе» футбол клубы танымал португалиялық футболшы Луиш Нанимен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады. Ол ұзақ жылдар бойы Португалия құрамасында Криштиану Роналдумен бірге ойнаған, деп жазады qandastar.kz.

«Ақтөбе» ФК-ның Instagram парақшасында хабарланғандай, 39 жастағы ойыншы клубпен 2026 жылдың соңына дейін келісім жасасты. Бұл ақпаратты футболшының өзі де әлеуметтік желіде растады.

««Ақтөбе» ФК-ға қосылғаныма өте қуаныштымын және клуб пен Қазақстан футболының дамуына өз үлесімді қосамын. Клуб иесі Нұрлан Артықбаев мырзаға, төраға Арман Оспанов мырзаға және облыс әкімі Асхат Шахаров мырзаға қонақжайлық пен қолдау үшін алғысымды білдіремін.

Клубтың болашаққа арналған көзқарасы мен жоспарлары мені қатты әсерлендірді. Ел ішінде де, халықаралық аренада да команданы жаңа белестерге жеткізу үшін бар күшімді саламын», — деп жазды Нани Instagram парақшасында.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button