Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіздегі айлақ құрылғысына жасалған шабуылдан кейін Қазақстан мұнай экспортын қайта бөле бастады. Зақымданғанына қарамастан, мұнай жөнелту толық тоқтаған жоқ. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда Энергетика министрлігі жүк жөнелтушілермен бірлесіп, Қашаған мұнайының бір бөлігін жедел түрде Қытай бағытына қайта бағыттауда.
Бұл оқиға азаматтық инфрақұрылымға жасалған агрессияның үшінші фактісі болып отыр. Аталған әрекетке байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми түрде наразылық білдірді.



