
Фото: instagram.com/kuat__khamitov/
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов болашақ жарына қойылатын талабы туралы пікірін бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында тек хиджаб киетін қыздарға ғана үйленгісі келетінін мәлімдеді деп хабарлады qandastar.kz.
«Мен енді тек хиджабтағы қызға ғана үйленем. Олар ерекше», — деп жазды спортшы өз парақшасында.
Бұл мәлімдеме желі қолданушылары арасында үлкен талқы туғызды. Бірі спортшының таңдауын қолдаса, енді бірі бұл пікірді жеке көзқарас деп бағалады.
Қуат Хамитов бұған дейін де қоғамдағы әлеуметтік тақырыптарға қатысты ашық пікір айтып жүрген спортшылардың бірі ретінде белгілі.