Жаңалықтар

Қуат Хамитов қазақстандық киноға қадам баспақ

Фото: liter.kz

Қуат Хамитов өз қаражатына фильм түсіруге кіріспек. Желі қолданушылары оған Сабина Алтынбекованы басты рөлге шақыруды ұсынды, ал спортшы бұл идеяны қолдады, деп хабарлады qandastar.kz.

Белгілі болғандай, танымал спортшы Қуат Хамитов киноиндустрияға бет бұрып, алғашқы фильмін түсірмек. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Хамитовтың айтуынша, жобаның барлық кезеңі — сценарийден бастап актерлерді таңдауға дейін — өз бақылауында болады. Спортшы қаржыландыруды да жеке қаражаты есебінен қамтамасыз етпек.

«Бұл жоба мен үшін тек алғашқы тәжірибе емес, отандық кинематографияға жаңа леп алып келетін жұмыс болатынына сенемін», – дейді Қуат Хамитов.

Фильм жайлы хабарламадан кейін желі қолданушылары оған Сабина Алтынбекованы киноға шақыруды ұсынған. Мұны оқыған спортшы әзіл-шыны аралас:

«Жақсы идея! Сабина, не дейсің?» – деп жауап берген.

Қазіргі таңда фильмнің атауы мен түсірілім уақыты нақты белгіленген жоқ.

 

 

 

Back to top button