Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитовтың әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, орыс тілін білмегендерді малға теңеген видеосы тарады, деп жазады qandastar.kz.
«Орыс тілі деген, мектепте үкімет біздің салықтан мұғалімдерге ақша төлейді. Оқысын, мына байқұстар кішкене болашақта керек болады ғой деп тегін оқытады. Соны оқымай, жастары 20-25 тен асып орыс тілін білмеген адам болашағы жоқ, мал ғой таза», — дейді ол.
Хамитовтың айтқан сөздері көптеген адамдардың ашуына тиіп, оны пікірлерде сынға алды.
«Орыс тiлiнде неше септiк бар», «Орыс тілі маңызды емес, Ана тіліңмен ағылшын тілі керек», «Мынау ауру екен ғой», «Құл тек иесінің тілінде сөйлейді», — деген пікірлер жазылды.
@ronaldo7777k_



